2024 жылдың 24 желтоқсанында Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің 24.2.346.01 диссертациялық кеңесінде әріптестеріміз Э.К.Абдираимова «Қазақстанның этномәдени дәстүрлерінде болашақ педагогтардың оқу мәдениетін қалыптастыру» және Г.С.Абугалиева «Қазақстанның халықтық дәстүрлерінде болашақ педагогтардың көптілді құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыптарында кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап шықты. Әріптестерімізді педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуымен құттықтаймыз!




