Кәсіби педагогикалық практика-2025

2024 жылдың 11 желтоқсанында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасында 6В01101 - «Педагогика және психология» және 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика» БББ 4 курс  (ПиП-41, ПиП-41-1, СП-41, СП-41-1, Пип-31 (3))  студенттеріне кәсіби педагогикалық  практикаға жіберу үшін нұсқау конференциясы өткізілді.

Педагогика және психология БББ жетекшісі Э.К.Абдираимова, аға оқытушысы, магистр Ж.С.Исмагулова практика бойынша ұйымдастыру шараларымен таныстырды. Оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес, күндізгі оқу бөлімінің 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс (Пип-41, Пип-42 топтары) студенттері 20.01.2024-03.05.2024 ж.ж. уақыт аралығында қаламыздың білім беру орындарына: Назарбаев Зияткерлік мектебі,  №42 «Ақ ниет» гимназиясы, Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беру мектебі, №40 ЖОББМ, №17 ЖББОМ, сондай-ақ сұраныс бойынша Ж.Б.Ерсаинова Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «Болашақ» бөбекжайына, Н.Е.Жиенбаева БҚО, Кругоозерное жалпы орта білім беретін мектебіне бөлінді.

6В01801 - «Әлеуметтік педагогика» 4 курс (Спс-41, Спс-41-1 топтары) студенттері Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты мен Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатына жіберілді.

Әдіскер ретінде «Педагогика және психология» БББ аға оқытушы Э.К.Абдираимова,  мектеп гигиенасы бойынша қазақ топтарына «Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау» БББ аға оқытушысы А.С.Бисенгазиева, орыс топтарына оқытушы М.Т.Берлигужин бекітілді.

«Педагогика және психология» БББ жетекшісі, әдіскер Э.К.Абдираимова жаңа оқу жылында практика барысындағы студенттердің міндеттері, оқу тәртібін, практика ерекшеліктері мен ережелері жөнінде жалпы мағлұмат берді. Практика жетекшісі, аға оқытушысы Ж.С.Исмагулова практиканың мақсаты, міндеттері, жүру барысындағы тапсырмалар, есеп құжаттарымен таныстырып, студенттерге кәсіби педагогикалық практикаға сәттілік тіледі.