2025 жылдың 6-7 ақпан күндері «Үздік жыл психологі» облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті! Бұл байқау психологтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Қатысушылар үш санат бойынша сынға түсіп, өздерінің кәсіби құзыреттілігін, креативті әдістерін және жаңашыл идеяларын көрсетті.Қазылар алқасы үздіктерді анықтап, жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдама берді.
Сисенғали Аида Ардаққызы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика және психология БББ оқытушысы, магистр, осы байқауда қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының алғыс хатымен марапатталды.



