06.02.2025ж. күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жалпы даму және кәсіби білім беру педагогтарын даярлау орталығына» қатысты әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметі «Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Бұл шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының психология ғылымдарының кандидаты, доценті К.А.Нургалиев және облысымыздағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, колледж және «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» психологтары қатысып, өзара іс-тәжірибесімен алмасты. «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының доценті, пс.ғ.к. Н.А.Нургалиев бұл шарада «Азартные игры – актуальная проблема современного общества. Реабилитация и профилактика зависимости от азартных игр» тақырыбында баяндама оқыды.






