Жұмыс берушілермен байланыс

2025 жылдың 10 ақпанында Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде логопедия кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараны колледж директоры Габдуллина Зухра Миндбайқызы мен БҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Куаншалиева Райгүл Тілекқабылқызы салтанатты түрде ашты. Іс-шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің «Жан жылуы» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының психолог маманы Мырзағалиева Айнара Райысқызы қатысты.

Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледж жанынан ашылған логопедия кабинеті студенттерге логопедия қызметі бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Студенттер осы аталған кабинетте логопедиялық дағдыларды игеріп, сөйлеу және тіл бұзылыстарын түзету, тілдік дағдыларды дамыту саласында практикалық тәжірибе жинақтайды. Оқу барысында студенттер арнайы логопедиялық әдістемелер мен техникаларды меңгеріп, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету үшін арнайы білім мен дағдыларды меңгереді. Логопедия кабинеті болашақ мамандардың кәсіби шеберліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.