Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ парызы

25 ақпан 2025 жылы оқытушы, магистр, жетекші Байгалиева Жадыра Гарипуллиевнаның ұйымдастыруымен ұлттық сана мен салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында кураторлық сағат өтті. Қатысушылар – П-11 , П-12 топтары. Қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, би орындалып, домбыра үні естілді. Сонымен қатар, асық ату сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл шара жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрлердің маңыздылығын түсіндіруге ықпал етті.