«Инклюзивті спорт психологиясы» тақырыбындағы проблемалық дәріс

Педагогика және психология БББ-ның аға оқытушысы, магистр Кулдашева Надежда  Утегалиевна апталық аясында 13 қазан  күні «6В01103 Психология»  БББ ның П-21 топ студенттеріне проблемалық дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы «Инклюзивті спорт психологиясы». Дәріс барысында тақтадан параолимпистер туралы видеоролик  көрсетілді, сонымен қатар  «Ерекше қажеттілігі бар спортшының жүрегіне жол: психологиялық қолдау мен сенім»  тақырыбында мотивациялық эссе жазу, кейс стади әдістері қолданылды. Жасанды интелектіні пайдалану арқылы  сабақ соғында кері байланыс ұйымдастырылды.