2019 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 10:00-де «БҚМУ – салауатты өмір салты үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы өткізілді. Мақсаты: университет ішінде салауатты өмір салтын насихаттау; университетте дене тәрбиесін дамыту. Аталған шараға кафедрамыздың 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттері белсене қатысты.