"ЭРУДИТ" зияткерлік сайысы

2020 жылдың 20 қараша күні педагогика факультетінің студенттері  арасында "ЭРУДИТ"  зияткерлік сайысы өткен болатын. Бұл сайысқа ПИМНО - 11 тобынан 3 студент, ПИМНО/ у-13, ДОВ/ у-13 тобынан 2 студенттен қатысты. Студенттердің  білімін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған  сайыс VI кезеңнен тұрды. I кезең – Бәйге, II кезең – IQ, III кезең-Дода, IV кезең - Не? Қайда? Қашан?, V кезең – Жорға, VI кезең – Бинго. Кезеңдерде логикалық сұрақтар, ғалымдарға байланысты, мектеп деңгейіндегі, университет тарихына байланысты сұрақтар қойылды. "Эрудит" зияткерлік сайысының әділ түрде шешілген қорытындысы бойынша  1 - ші орынды иемденген ПИМНО/ у-13 студенті Нұрлан Арман, 2 - ші орында ПИМНО-11 студенті Айтмағанбетов Ерасыл, 3 - ші орында ПИМНО-11 студенті  Ғалым Гүлсая мен ПИМНО/ У-13 студенті Омарова Аружан. Бұл сайыс ZOOM платформасымен өтсе де, студенттер белсенді қатысып, білімдерін шыңдай түсті.

115.jpg - 25.35 kB

116.jpg - 27.22 kB

117.jpg - 14.72 kB

120.jpg - 81.35 kB