2020 жылы 24 қараша күні педагогика факультетінің ДОВ/у-13 студенттерінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым – менің болашағым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараға ПиМНО-11, ПиМНО/у-13 топ студенттері қатысытырылды. Осы топ студенттерінің кураторы Ж.Т.Тапаева тәрбие сағатының маңыздылығын айтып, студенттерді 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлаудың өту тәртібімен дауыс беру жүйесі туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар,шара барысында Дов/у-13 топ студенттері Исаева Данагүл мен Жанболатова Айымгүл баяндама оқып, алдағы сайлау бойынша видео ролик көрсетіліп, кері байланыс орнатылды. Тәрбие сағатында жас ерекшелігіне байланысты, мекен – жайға байланысты және т.б. өзекті сұрақтар талқыланды. Тәрбие сағатын ZOOM платформасы арқылы өткізіді, студенттер мұқият тыңдап, кері байланыс кезінде белсенді қатысты.