«Қашықтан оқыту жағдайында топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

2021 жылдың 15 сәуір күні университет жанынан ұйымдастырылған «Білім беру процесінің сапасын нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету» атты оқыту семинарында мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Д.Г.Хабиева мен Г.С.Мухиева «Қашықтан оқыту жағдайында топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында  шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағаттың мақсаты – қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды қолданып қашықтан оқыту кезінде топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, студенттердің сабаққа белсенділігін арттыру.

Шеберлік сағатта  Padlet бағдарламасы арқылы қатысушылардың топтық жұмыс және ұйымдастырылуы туралы ой-пікірлері анықталып, талқыланды, ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта қатысушыларды топқа бөлу жолы түсіндірілді.  Топқа бөлінген қатысушыларға Google-Презентация,  Google-excel,  Google Jamboard онлайн тақтасы бағдарламалары арқылы берілген тапсырмаларды  орындады.

Аталған бағдарламалардың топтық жұмыс жүргізуде қолданудың ерекшелігі әр студенттің сабаққа белсенді араласып отырғандығын оқытушы тікелей бақылау жасап, қадағалап отыра алады.

Тыңдаушылар шеберлік сыныпқа белсенді қатысып, сұрақтарын қойып өз ойларын ортаға салды. Шеберлік сағат соңында қатысушыларды сергіту мақсатында  қанатты сөздер жасырылған «Ғылым күні» атты квест ойыны өткізілді.