Ағымдағы жылдың 2021 жылы 20 сәуірде Педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ (Қазақстан Республикасы), «Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті» (Ресей Федерациясы) Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесімен бірлесіп «Білім беруді цифрландыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен қолдаудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға Быдгощ қаласындағы Казимир атындағы Ұлы Университеттің педагогика факультетімен және Лодзь университетінің педагогикалық ғылымдар факультетінің (Польша Республикасы) ғалымдары қатынасты.
Конференцияның пленарлық отырысына ғалымдар, жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушылары; дефектологтар, психологтар, жалпы және мектепке дейінгі білім беру педагогтары; психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың мамандары; ата-аналар қауымдастығы қатысты.
Конференция мақсаты - білім беруді цифрландыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту технологиялары мен психологиялық-педагогикалық көмекті қолдану бойынша халықаралық тәжірибені тарату.
«Білім беруді цифрландыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен қолдаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ресейдің Орынбор қаласы «Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің» ректоры Светлана Александровна Алешина мен М.Өтемісов атындағы БҚУ –нің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к, доцент Дәрішева Түймеш Малбағарқызының алғы сөзімен басталды.
Халықаралық конференция барысында Королева Юлия Александровна (психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Орынбор қаласындағы «ОГПУ» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің арнайы психология кафедрасының меңгерушісі), Сарсенбаева Ботагоз Иватовна, ( педагогика ғылымдарының докторы,М.Өтемісов атындағы БҚУ Орал қ.), Феофанов Василий Николаевич (психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті, психология факультетінің доценті, Мәскеу қ), Акимова Ольга Ильинична (п.ғ.д., мұғалім-дефектолог, Санкт-Петербург қаласы, Невский ауданы, № 17 мектеп), Гусева Надежда Анатольевна (педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М. Өтемісов атындағы БҚУ Орал қ), Джоанна Ятковска (әлеуметтік ғылымдар кандидаты, Бидгош қаласындағы Ұлы Казимир университеті, Польша), Алиса Котловска (Демократия институты, Санкт-Быдгощ, Польша), Дорота Подгорска-Ячник (әлеуметтік ғылымдардың докторы, қауымдастырылған профессор Лодзь және Ұлы Казимир университеті, Быдгощ қ, Польша), Славомир Пасиковтар кий (Лодзь университетінің әлеуметтік ғылымдарының докторы), Данюта Урбаниак-Зайец (Лодзь университетінің қауымдастырылған профессоры, Лодзь қ, Польша) және басқа да белгілі ғалымдар өз баяндамаларын оқыды.
Польша ғалымдарының баяндамаларын шет тілдері кафедрасының оқытушысы Мұқашев Болат Әжіғалиұлы орыс тіліне аударып, пікір алмасулар жүргізілді.Конференцияның пленарлық отырысының соңында педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к,доцент Ергалиева Гүлжан Алғазықызы қорытынды сөз сөйледі.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/320-mezhdunarodnaya-nauchno-prakticheskaya-konferentsiya-aktualnye-problemy-obucheniya-i-soprovozhdeniya-lits-s-ogranichennymi-vozmozhnostyami-zdorovya-v-usloviyakh-tsifrovizatsii-obrazovaniya#sigFreeId7ebc288d4e