КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті деген мағынаны білдіреді. Қазір мектеп оқушыларына түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған. Болашақ түлектерге мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылықтарын ескеріп дұрыс таңдау жасауда бағдар көрсету жұмысы маңызды. Осы мақсатта наурыз айында қаламыздың №19 ЖОББМ мен сәуірдің 24 күні Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы Тайпақ ЖОББМ мектеп түлектерімен онлайн кездесулер өткіздім. Кездесу кезінде мектеп бітірушілердің мамандықты дұрыс таңдау барысында қойылған сұрақтарына толық жауап берілді.

Лəззат Маденова
Мектепке дейінгі жəне бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі