23 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы, магистр Ж.Ж.Нәбиева ДОВ -21 тобымен заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырды.Шара барысында жастар ісі комитетінің жетекшісі Ешимова Жанбота Есенғалиқызы ақын Жамбыл бабамыздың шығармашылығына тоқталып, жастарға мол тәлім-тәрбие беретіндігін атап өтті. Топ студенттері Әбдісалиева Көркем, Татымова Гаухар екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндамалар оқыды.Сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыр күндерде әр жауынгерге дем берген «Ленинградтық өренім» жырын топ студенті Нұрболқызы Сабира мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге, Жамбыл бабамыздың ақындық өнерімен, «Жамбыл мұражайы» туралы видеороликтер көрсетілді. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім екендігін бәрімізге белгілі.«Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау . Оның бір өзі әрі эпик,әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп, жазушы Мұхтар Әуезов Жамбылға баға береді.Халық ақыны - Жамбылдың қуатты жырлары күні бүгінге дейін өз сарынын жоймаған. Жоймайды да. Өйткені, шындық жырланған, ақиқат ат үстінде айтылған өлеңдер өміршең боп қала береді.
Аға куратор Ж.Ж.Нәбиева
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/323-kuratorskij-chas-k-175-letiyu-zhambyla-zhabaeva#sigFreeId4ab1fa012e