27 сәуір күні педагогика факультеті, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр В.Т.Арыстанғалиева ДОВ-23 топ студенттеріне «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың ең алғашқы Отаны» атты онлайн танымдық сағат өткізді. Бұл ашық кураторлық сағаттың мақсаты: туған жердің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпай, одан әрі дәріптеу. Туған жерді қорғауға, Отанды сүюге тәрбиелеу. Танымдық сағат барысында студенттер Елбасымыздың мақаласына шолу жасап, ұлттық тарихымызға тереңірек үңіліп, алма мен қызғалдақ жайлы танымдық мәліметтермен таныс болды. Топ студенттері «Қызғалдақ» және «Алма» атауымен екі топқа бөлініп, танымдық сабақтың түрлі кезеңдерінде берілген тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар өте қызықты болды, атап өтсек, бірінші тапсырма кезінде студенттер алманың пайдасы туралы постер қорғаса, «Алма - дастархан көркі» атты екінші тапсырмада алманы әдемілеп кесіп көрсеткен болатын. Тапсырмаларды орындау барысында «Сағындым Алматымды», «Алматының түндері-ай» әндері қойылып, ерекше көңіл-күйге бөледі. Сонымен қатар, «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны» атты бейнероликті тамшалады. Танымдық сабақ қызықты презентациялармен көркемделіп, студенттердің біле бермейтін қызықты мәліметтермен толықтырылды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, қазіргі заманның мәдениеттерін өзара жақындастыруға және байытуға зор үлесін қосатыны туралы сөз қозғалды. Студенттерді еліміздің тарихын, мәдениетін дәріптей отырып, теңдесі жоқ құндылықтарымызды құрметтеуге шақырды. Қазіргі еліміздегі ахуалдық жағдайға байланысты танымдық сабағымыз онлайн түрде өтсе де, студенттердің барлығы белсене қатысып, кураторлық сағат жоғары деңгейде өтті.
Аға оқытушы, магистр В.Т.Арыстанғалиева