17 қыркүйек 2021 ж күні Педагогика факультеті,мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Ж.Ж.Нәбиева мен Б.Е.Ерболатқызымен № 4 оқу зал кітапханашысы Айташова Гүлшира Шаденовнамен бірлесе ДОВ-31, ПиМНО-35 топтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын талқылауда дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Гүлшира Шаденовна жолдаудағы өте маңызды мәселелер көтерілгенін, Президентіміздің экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, сапалы білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті.Топ студенттері Г.Татымова, К.Әбдісалимова, А.Жұмағали, А.Төлепова, Г.Қанат Жолдаудың негізгі басымдықтырына тоқталды. Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің алдағы болашаққа арналған жоспары жан-жақты талданып, дамудың стратегиясын көрсеткен Жолдауға студенттер өз қолдауларын білдірді.Президентіміздің ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударғанын байқауға болады. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырма берілгендігі туралы айтылды.Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдауының орындалуына қатысты жүрегі елім деп соққан әр азаматқа зор сенім арта отырып, татулық пен тұрақтылықты негізге алып, айнымас қағидамызға айналған асыл қасиеттерімізден айнымай ортақ шаңырағымыз-Қазақстанды өркендетуге үлес қосуға шақырды және тиісті қолдау табатыны хақ.
Кафедра оқытушылары Ж.Ж.Нәбиева, Е.Б.Ерболат
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/364-kruglyj-stol-po-obsuzhdeniyu-poslaniya-narodu-kazakhstana-kasym-zhomart-tokaeva-edinstvo-naroda-i-sistemnye-reformy-prochnyj-fundament-dlya-protsvetaniya-strany#sigFreeIdd7f894771f

