«Бәсекелестік қабілет - сапалы білім бастауы» атты пікіралмасу алаңын ұйымдастырылды

09.11.21ж күні Педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары, магистр Е.Б.Ерболатқызы мен Ж.Ж.Нәбиева Пимно-31, Пимно-35, Дов-31 топтарының қатысуымен Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында” «Бәсекелестік қабілет - сапалы білім бастауы» атты пікіралмасу алаңын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: студенттердің қоғамдық салаларға белсене араласуын жетілдіру, өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік беру, бір-бірлерімен сабақтан тыс уақытта достық қарым-қатынас орнату, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, бәсекелік қабілетін арттыру, өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу.Шарада Көшербай Жансая, Төлегенова Назгул, Хамидуллина Елназ  Елбасымыз мақаласының маңыздылығынмен қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеу қажеттілігін айта отыра, баяндамаға тоқталды.Баяндама соңында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Студенттерге ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін  видеоролик көрсетілді.Студенттер өз ой-пікірлерін еркін ашық білдірді.Шара барысында топ студенттері екі топқа бөлініп, «Сапалы білім беру», «Бәсекеге қабілеттілік» тақырыптарын  ашу мақсатында постер қорғалды. Бухарова Айдана, Оразбаева Ботагөз мақала бөлімдеріне тоқталып,  «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына бар екендігін назарға алды. Әбдісалиева Көркемай, Боранбаева Карина, Төлепова Алтынай т.б студенттер сапала білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады, елімізде көптеген реформалар жүргізіліп жатқындығын, кәсіби білікті мамандар даярлау бүгінгі таңдағы өзектілігіне тоқталды. Еліміздің өркендеуі, алға қарай қадам басуы, дамыған елдердің қатарында болуы жастарға байланысты.Біз жаңа заман ағымына бейімделуге қабілеттілігімізді көрсете отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен түбегейлі жаңғыруына жол бастаймыз. Елбасымыздың ұсынып отырған бағыт-бағдарларына ере отырып мақсатқа жету жолында үздік нәтижеге жетеміз. Әр азамат өзінің рухани  дүниесін байытып, ғылым, білім қуып, еңбектенгенде біздің  еліміздің болашағы зор болады деген ойдамыз.

Аға куратор Ж.Ж.Нәбиева