М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасы жоспар бойынша 29 қазан күні 7 ғимаратта сағат 15:00де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері арасында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі» атты зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты студенттердің жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге, топтық жұмыста ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайысты БОПмӘ – у 23 тобының студенттері Копжасарова Гүлдаурен, Жумағалиева Ақбаян жүргізді. Әділ қазылар алқасы ретінде Педагогика факультетінің белсенді студенттері Қайролла Аяжан, Крашанинин Денис, Ғалым Гүлсая тағайындалды. Сайыс 7 кезеңнен өткізілді:
І кезең «Таныстыру».
ІI кезең «Жүйрік болсаң, озып көр».
ІІІ кезең «Әрі қысқа, әрі нұсқа».
IY кезең «Тығырықтан шығу».
Ү кезең «Шатаспақ».
VI кезең «Жеті жұрттың тілін біл».
ҮІІ кезең «Марапаттау».
Ойын соңында қазылар алқасы командалар ойыны туралы қысқаша пікірін білдірді. Ойыншылар жауабын бағалауды аса жоғары жауапкершілікпен атқарып шықты. Алдын-ала даярланған критерийлер негізінде қорытынды жасалып, ойын жеңімпаздары жариялады. Озық ойын көрсетуші командаларға 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар табысталды. Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орын «Clever» тобы 109 балл
2 орын «Білімділер» тобы 105 балл
3 орын «Эрудит» тобы 99 балл
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру
кафедрасы оқытушылары, магистр А.Д.Муканова, Г.Б.Мусагалиева.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/384-obrazovannoe-pokolenie-zalog-svetlogo-budushchego#sigFreeId850face8f2