Ашық сабақтардың әдістемелік апталығы 2021 жылдың 11-23 қазан аралығында «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында өтті

Ашық сабақтардың әдістемелік апталығы 2021 жылдың 11-23 қазан аралығында «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында өтті.

2021 жылдың 11-23 қазан аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінде 2 апта бойы 4 кафедра оқытушыларының ашық сабақтары өтті: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру, дене тәрбиесі, педагогика және психология , дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.

«Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары әдістемелік аптаға белсене қатысты:

11.10.2021 ж. кафедраның аға оқытушысы Мусагалиева Г.Б. «Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша «Сурет салу. Пейзаж».

12.19.2021 ж. кафедра оқытушысы Тлепбергенова Г.Е. «Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша «Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіндіру» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

13.10.2021 ж. оқытушы Ерболат Б.Е. «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша «Ұжым. Ұжымның даму жолдары» ашық дәріс өткізді; оқытушы Нәбиева Ж.Ж «Кәсіби көшбасшы негіздері»  пәні бойынша «Көсбасшының тұлғасы» ашық дәріс ұйымдастырды; аға оқытушы Маденова Л.М. «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша «Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім беру интеграциясы мен әлеуметтік бейімделу мәселелері мен перспективалары» ашық практикалық сабақ өткізді.

14.10.2021 ж. п.ғ.к., доцент Казетова А.Х. «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Қалыптастырушы бағалау мазмұны» ашық семинарын өткізді; оқытушы Мақсотова Т.Т «Психология» пәні бойынша «Эмоциялар және эмоционалдық интеллект» ашық семинарын өткізді; оқытушы Тапаева Ж.Т. «Кәсіби бағдарланған шетел тілі» пәні бойынша «Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтары» ашық семинар өткізді;  п.ғ.к., доцент Хасанова И.У. «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты ашық семинар ұйымдастырып өткізді.

15.10.2021 ж. аға оқытушы Арыстанғалиева В.Т. «Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскер жұмысы» пәні бойынша  «Балабақшада педагогикалық кеңесті ұйымдастырудың түрлері, формалары және әдістері»  ашық практикалық сабағын өткізді; оқытушы Панищева О.А «Технологии критериального оценивания»  пәні бойынша  «Построение содержания начального»  ашық семинарын өткізді.

19.10.2021 ж. оқытушы Муканова А.Д. «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша  «Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыру әдістері» атты ашық дәріс өткізді.

21.10.2021 ж. аға оқытушы Баюканская С.Ф. «Методика научно-педагогического исследования» пәні бойынша  «Организация педагогического исследования» атты ашық семинар; оқытушы Ақымбек Г.Ш.  «Мектеп психологиясы» пәні бойынша «Жеткіншек жастағы дағдарыс» атты ашық семинар өткізді.

Оқытушылардың сабақтары жоғары деңгейде өтті, студенттер үшін қызықты және көңілді  болды.