Қараша айының 2 жұлдызында М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогика факультетінде күні кеше оқу орда табалдырығын аттаған 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Қиялдарын қанаттарына байлап, асқақ арман жетелеген жас ұландар өмір жолындағы қызықты да, бақытты кез студенттік шақтың басталғанын енді сезінгендей болды.
Мерекелік кешке Басқарма Төрағасы Н.Х. Серғалиев, құрметті қонақтар, университеттің профессор-оқытушылық құрамы және бірінші курс студенттері қатысты.
Шара шымылдығын ашқан М.Өтемісов атындағы БҚУ басқарма төрағасы ректорының м.а., профессор Н.Х. Серғалиев «Мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алу, студент атану – әрбір жастың арманы Студенттік жылдар –саналы өмірдің ең бір шаттыққа толы кезеңі. Осы қуанышқа толы сәттеріңді тиімді пайдалана отырып, білімнің терең тұңғыйығына сүңгіңдер. Біз сіздерге әрқашанда демеу боламыз. Ендеше барлықтарыңызды бүгінгі студенттік қатарға қабылдау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» деп өзінің жүрек жарды тілегін білдірді.
Білім ордамыздың түлегі Шакиров Армат университетіміздің гимніне арналған «БҚУ» әні мен факультетіміздің мың бұралған бишелер өнерлерін көрсетті. Келесі кезекте Футбол фристайлының жұлдызы, әлемдік жарыстардың жеңімпазы, факультетіміздің түлегі Кубашов Айболаттың өнері көрерменге қуаныш сыйлады. Облысымыздың жарқын жұлдызы, хит әндерінің орындаушысы Алина Герц студенттерімізге арнап өз әнін тарту етті.
Белсенді студенттер әртүрлі ойындар ойнатып, көңілді, қызықты өткізді. Мұны студенттер алаңында жиналған БҚУ жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдеген күлкілерінен анық байқағанымыз рас.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/391-posvyashchenie-studentov-1-kursa#sigFreeId71a767537f