«Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді

Ұйымдастырушылар: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары: Мухиева Г.С., Нәбиева Ж.Ж., Арыстангалиева В.Т., ДОВ-41 тобы

2021 жылдың 26 қараша   күні педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Мухиева Г.С., Нәбиева Ж.Ж., Арыстангалиева В.Т. ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында   тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шараны өткізудегі мақсат: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, студенттік ортада және қоғамда адамзаттық құндылықтар ретінде адалдық, әдептілік, әділдік, сенімділікті арттыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Шара басында «сыбайлас жемқорлық» түсінігіне анықтама беріліп, студенттер өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы»  тақырыбында көрсетілген бейнеролик арқылы жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты. Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап, іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш-ар үшін қызмет ет», - деген өсиет қалдырған. Студенттер Ұлы Шәкәрім философиясын қызығушылықпен талқылап, өткен ғасырда жазылған сөздер қазіргі қоғамда  маңыздылығын жоғалтпағандығы туралы ойларын жеткізді.

Шарада викториналық сұрақтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністер қойылып, бейнероликтер көрсетілді.Шараға ДОВ-41, ДОВ-31,ДОВ-33,ПиМНО-35 топтары белсенді қатысты.Тәрбиелік  шара студент бойында  ар, борыш сынды қасиеттерді жоғары бағалауға шақырып, адал еңбек етуге ой салып,асыл қасиеттердің бірлікте болуына тәрбиеледі.