Біздің университет өзінің білікті мамандарымен мақтанады. Ғылым жолы үнемі іздеуді қажет етеді. Жыл соңы университет үшін жақсы жаңалықтарға толы. ЖОО-ның 3 оқытушысы "Болашақ"бағдарламасы бойынша стипендия алды. Енді олар әлемнің жетекші университеттерінде өз білімдері мен дағдыларын жетілдіргісі келеді. Биылғы көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Шетелде оқыту жөніндегі Республикалық комиссия отырысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде "500 ғалым"жобасының гранттарының жеңімпаздары атанды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы Мухиева Гульмира Сейтмуханбетовна Польшадағы Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир университетінде тағылымдамадан өтеді. Біздің жас оқытушыларымызды мақтан тұтамыз!



