Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткеніңді танымай, келешегіңді болжау мүмкін емес» деген тұжырым бар. Осыған орай «Сана-рухани жаңғыру іргетасы» шарасы аясында 11 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының ПиМНО-15, ПиМНО-11 топ студенттері кураторлары Т.Т.Мақсотова және Г.Е.Тлепбергеновамен бірге М.Өтемісов атындағы БҚУ тарихи мұражайына саяхат жасады.
Мұндағы мақсат студенттерді ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін университетіміздің 90 жылдық тарихымен тереңірек таныстырып, мұражайда сақталған тарихи мұралар және жәдігерлер туралы көптеген мәліметтер беріп, студент жастардың бойындағы отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Ж.Е.Ешимова көрме залымен таныстырып, студенттерге керемет әсер қалдырды. Студенттер мұражай аралау сәтінде өздеріне көптеген тарихи танымдық мәліметтер алып, рухани өрістерін кеңейтіп қайтты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!