«Инновациялық технологиялардың көмегімен балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту» педагогикалық кеңесіне студенттердің қатысуы.

2022 жылдың 15-ақпанында №18 «Балдырған» бөбекжайы МКҚК «Инновациялық технологиялар  арқылы балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық технологияларды қолдануын анықтау. Кеңесте педагогикалық мамандар және тәрбиешілеріміз инновациялық бағыттағы креативті технологиялар және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді, мазмұнды баяндамаларымен бөлісті.

Бір ерекшелігі педагогикалық кеңеске  бөбекжайымызда  тәжірибеден өтіп жүрген М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандықтарының 4-курс студенттері:  Кульжанова Карина мен Куаншалиева Ранида қатысты.

Студенттер «Ромашка»  тобында Светлана Петровна, Юлья Викторовна атты тәрбиешілермен іс-тәжірибе бөлісуде. Тәрбиешілеріміз білікті де, білімді және студенттерге бүлдіршіндермен дұрыс қарым-қатынас орнату,  оқыту, тәрбиелеу жағынан шығармашылық ізденістер мен түрлі әдіс-тәсілдерге үйрете алатыны анық. Университет бітіруші түлектерге педагогикалық кеңесте мол ақпараттар берілді және оны болашақта қолданады деген сенімдеміз.