М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ынтымақтастығы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті арасында білім беру, академиялық ұтқырлық және ғылыми ынтымақтастық аясында жасалған Меморандумға (21.12.2021ж.) сәйкес 15.03 - 17.03.2022ж. аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті психология кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Жұмалиева мен ғылыми-аналитикалық бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Ә.М.Макашева ғылыми жоба аясында Махамбет университетінде ғылыми іс сапарда болды.

“Білім алушылардың Батыс Қазақстанның ЖОО-да кәсіптік даярлау жағдайындағы әлеуметтік жауапкершіліктері” тақырыбындағы ғылыми жоба (гранттық қаржыландыру ҚР БжҒМ, 29.01.2021ж. 2 хаттама) М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті психология кафедрасында жүзеге асырылуда. Ғылыми жоба жетекшісі М.М.Книсарина, PhD доктор, доцент.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне ғылыми іс сапарға келу мақсаты:

  1. 1-2 курс студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін диагностикалау ( Google Forms қосымшасы арқылы онлайн формат). Сауалнама ерікті жүргізіледі және құпиялылық сақталады.
  2. Профессорлық-оқытушылар құрамы арасында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру.
  3. Бірлескен семинар, вебинарлар т.б. өткізуді талқылау және екі ЖОО-ның білім алушыларына арналған “Денсаулық психологиясы” атты ашық дәріс ұйымдастыру.