2022 жылдың 07 сәуір күні «Жоғары мектепте дуальды оқытуды жүзігі асыру жолдары» әдістемелік апталық аясында кафедра оқытушылары Б.Е.Ерболат, Ж.Ж.Нәбиева, Ж.Т.Тапаева 1 курс студенттеріне «Педагогикалық оскар» олимпиадасын ұйымдастырды.Мақсаты: Студенттердің педагогика пәнінен алған теориялық және тәжірибелік білімдерін тексеру, кәсіби педагогикалық біліктілігін қалыптастыру, шығармашыл жастарға қолдау көрсету, мақсатқа жетуде танымдық қызметті басқара білу; Олимпиада ПиМНО -11 «Kindness», Дов-11 «Dynamite», ПиМНО-15 «Жалын» тобы болып өнер көрсетті.Сайыс кезеңдері таныстыру; үй тапсырмасы «Менің университетіме- 90 жыл» тақырыбында видеоролик жасақтау; «Мен педагогпын» сиқырлы ұяшықтар айдарынан тұрды. Әр кезең бойынша бағалау критерилері ұсынылды. Сайыста әр топ өз дайындықтарымен шеберліктерін көрсете білді. Әділ- қазылар шешімі бойынша Бас жүлде «Болашақ үздік педагогтар» Kindness, Dynamite тобы «Үздік ойшылдар», Жалын тобы «Үздік шығармашылық жұмыс» номинациямен марапатталды.Сайыс барысында көрермендерге «Көңіл – күйді бейнелеу» психологиялық тренингі жүргізілді.Студенттер теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білді. Нәтижесінде «білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» екендігін студенттерге ұғындырды.