«6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ХІII Республикалық пәндік олимпиадасы Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 2022 жылдың 22 сәуірінде ұйымдастырылған болатын.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің педагогика факультетінің «Педквартет» командасы Пимно-32 Нурхожа Айдана, Пимно-32 Латышова Анна, Пимно-32 Ермекова Дильназ, Пимно-32 мамандығының 3 курс студенті Глухарева Татьяна қатысқан болатын.
Команда жетекшісі педагогика ғылымдарының магистірі, оқытушы Панищева Ольга Александровна
Олимпиада төмендегідей болды:
I кезең «Команданың визит картасы» команда көрінісі
II кезең. Аргументтелген эссе
Дайындыққа арналған тақырыптар
- Ахмет Байтұрсынов ұлттың рухани көсемі.
- Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінің қазіргі бастауыш білім берудегі маңызы.
- Ахмет Байтұрсынұлының өлмес шығармалары.
- «Ел - баласын өзімдікі демесе, бұл елді де, бала отаным демейді» Ахмет Байтұрсынов
III кезең. Тақырып бойынша топтық презентация: Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы
Бұл республикалық олимпиадаға әр облыстың университеттері бақ сынаған болатын. Соның ішінде алға суырылып шығып, ХIII Республикалық пәндік олимпиадасында жоғары деңгейде шығармашылық қабілет танытқаны үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті 3 дәрежелі мадақтамен және алғыс хаттарымен марапатталды.

