Ағымдағы жылдың 22 ақпанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының магистр, оқытушылары Нәбиева Ж.Ж, Мухиева Г.С, Ерболат Б.Е. ұйымдастыруымен «Жас ғалым-жаңашыл идея негізі» тақырыбында жобалар жәрмеңкесі оздырылды. Мақсаты: Студенттерді сапалы педагогикалық білім беруге ынталандыру; педагогика саласында шығармашыл жастарға қолдау көрсету; педагогикалық зерттеу әдістерімен жұмыстануға баулу; ғылыми-зерттеу жұмыстарына бетбұрыс жасауға дағдыландыру.
Алғы сөз п.ғ.к., мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы Хасанова Инкар Утебаевнаға берілді. Шара оқытушы, магистр Нәбиева Жанаргүл Жұмабайқызының «Ғылым мен жастар-табысты болашақтың кепілі» атты баяндамасымен жалғасты. Келесі кезекте жас ғалымдарға сөз беріліп өз жобаларын қорғау рұқсат етілді. Алғаш болып ПиМНО/у-13 топ студенті Абаева Жақұт «Есептер шығару барысында TIMSS халықаралық зерттеуінің танымдық салаларын қолдану», «Жас оператор» жобасымен ПиМНО/у-13 топ студенті Қосаев Тұрғанбек, «Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыру ерекшеліктері» Батырғали Риза, Сатыбалдиев Ақтілек ИСТ-21 тобының студенттері өз жобалары бойынша теориялық мәліметтерін ортаға салды. Келесі ПиМНО-31 тобының студенттері Серікбаева Гүлсезім, Ізбасқан Сандуғаш, Уразбекова Дильназ «Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбымен көздің жауын аларлықтай, балалардың қызығушылығын арттыратындай түрлі әдістерін көрсетті. ФКС-29 тобының студенттері Базарбаев Оралбек, Қуанғалиева Раушан, Исатаев Дарын, Эсмеметов Жолдас «Мектептегі дене жаттығуларының алатын орны» тақырыбы бойынша баяндама оқып, жәрмеңке үстінде визуалды жаттығулар көрсетті. Соңғы болып креативті жобаларымен ИСТ-21 тобының студенттері Қайырбек Назерке, Шарапов Нұртай «Жаңашыл оқытудың нәтижелі өзгерістері» яғни, бұрынғы заманғы адамдармен қазіргі замандағы білім алу өзгерістері жайлы анық түсінік беріп өтті. Шара қорытындысында әділ-қазы алқаларына сөз беріліп, қатысушыларды номинациялармен марапаттады.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/17-mektepke-dejingi-zh-ne-bastauysh-bilim-beru/570-proshla-yarmarka-proektov-na-temu-molodoj-uchenyj-osnova-novatorskoj-idei2#sigFreeId378eac6a82