М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультетінде ұйымдастырылған «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Арыстангалиева В.Т., Есқақова Ф.Е. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұндық сапасын арттырудың қадамдары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың мақсаты мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұндық сапасын арттыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болып жатқан өзгерістерді талқылау, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, озық инновациялық тәжірибелермен бөлісе отырып, кәсіби құзыретті маман даярлауға қолдау көрсету болып табылады. Шараға № 38 «Жазира» бөбекжайының педагогтары Ишангалиева Н.К., Белисанова А. Б., Макарова А.К., Туйгожина С.Е. тақырыпқа байланысты өз тәжірибелермен бөлісті. Ұйымдастырылған озық инновациялық әдіс-тәсілдер студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырды.