Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні педагогика факультетінің бірінші курс студенттерін, яғни жаңа буындарын қатарға қабылдау үшін ең ауқымды шара өткізілді. Кешіміздің шымылдығын облысымыздың жарқын жұлдыздары «Дала арландары» тобы өздерінің әндерімен ашты. Одан әрі құттықтау сөз сөйлеп, кешіміздің қолдаушыларына алғыс хат табыстау үшін педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гүлжан Алғазықызына сөз кезегі берілді. Тәрбие жұмысы және жастарт саясаты департаменті директоры Жанбота Есенгалиқызы Ешимова студенттерге жылы лебізін арнады. Жаңа буындарға жоғары курс студенттері өз ән шашуларын да арнады. Көңіл көтеру мақсатында студенттер мен факультетіміздің оқытушыларын бас демеушілеріміздің бірі Орал қаласының тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күймен ерекше сезім сыйлайтын «Фобия шоу» орталығы ұйымдастырған фобия ойыны ойнатылды. Ал ойынға қатысып, белсенділік көрсеткен оқытушылар мен студенттерге демеушілеріміз №1 «Редмун» ұжымы ұсынған сертификаттар мен «Гамма футбол» дүкенінің ұсынған спорттық киімдер табысталды. Тосын сый ретінде жоғары курс студенттері мен бірінші курс студенттері де заманауи би билеп, ортаны жандандырды. Одан әрі ең маңызды бөлімдердің бірі бірінші курс студенттері оқуда озат, ортада белсенді болуға ант қабылдады. Студенттердің белсенділігін одан әрі жандандыру үшін кешімізде белсенділік танытып, ерекше көзге түскен студенттерге педагогика факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тапаева Жанерке Таулбайқызы арнайы аталымдарды табыстады. Кеш соңында «Редмун» ұжымы, «Tatti.cake_aya» кондитерлік дүкені сонымен қатар «мәдениет және өнер» факультетінің студенті Максут Дания Рустамқызының демеушілігімен дастарханнан кеш қонақтары дәм татып, би кеші өткізілді.