27.10.2023 ж. «Жоғары білім беру үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу» әдістемелік айлығы аясында «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Панищева О.А. «Инклюзивті білім беруді басқарудың нормативтік-этикалық негіздері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Мақсаты: инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін белгілеу. Практикалық сабақ ынтымақтастығы ортасын құрудан басталды, танысу және бірлікке арналған жаттығулар: «Имя-движение», «Слепой-поводырь». Келесі кезекте студенттердің өзіндік жұмысы ұйымдастырылды, келесі сұрақтар бойынша презентациялар дайындалды:1.Қазақстанда және шетелде инклюзивті білім берудің құқықтық және этикалық негіздері.2.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар.3. Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға қатысты халықаралық құқықтық құжаттар. Одан кейін миға шабуыл әдісі өткізілді: Осы мәселелерді шешуге көмектесетін ережелерді анықтау, осы мәселелерді шешуге көмектесетін нормативтік құжаттарды белгілеу. Практикалық сабақ «Клубок» рефлексиялық жаттығуымен аяқталды. Ашық практикалық сабаққа әдістемелік жұмыс бөлімінің аға сарапшысы Абишева Шолпан Буранбаева қатысты.