Ұлы Казимир университетінен келген әлеуметтік ғылымдар кандидаты, дефектолог Агнешка Камык Ваврищукпен кездесу ұйымдастырылды

 

26.10.2023 күні Ұлы Казимир университетінен келген әлеуметтік ғылымдар кандидаты, дефектолог Агнешка Камык Ваврищук СҒЗЖ бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ бойынша кездесу ұйымдастырылды.                                            

Кездесу барысында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға баулу, ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындықтарын жақсарту, заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру мәселелері қарастырылды.          

Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, кездесу оң нәтижесін берді. Мұндай кездесулерге қатысу педагогикалық қызметте одан әрі шығармашылықта өзін- өзі дамытуға серпін береді.