«Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы ашық дәріс сабағы өтті

Қазан айының 30-ы күні МДжБОП БББ аға оқытушысы, п.ғ.к. І.Ө.Хасанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен «Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы ашық дәріс сабағы өтті.

БОПжӘ БББ 2-курс магистрантарымен (Амангельді А.Е., Есенова М.Е., Куспанова Г.К., Сисенгазиева М.Б., Ильясова Г.Ш.) бірлесе өткен дәрістің ерекшелігі оқытушы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра білді. Бұл дидактикалық ұстаным негізінде білім берудің педагогикалық технологиялары мен әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білім бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында қолдану тәжірибесі арқылы түсіндірілді. 

БОПжӘ БББ 3-курс студенттері сабақтың SMART мақсатына сәйкес, таныстырылған жаңа әдіс-тәсілдерді қазақ тілі сабағының ұйымдастыру бөлімінде, үй тапсырмасын тексеруде, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту кезеңінде тиімді қолдану жолдарын үйренді. Мәселен, үй тапсырмасын бекітуде үлестірмелі тест тапсырмаларын орындатып, «Gimkit» платформасы бойынша бағалауға болады.

«Zip Grade» әдісінде студент жаңа сабақты қорытындылауға арналған тест тапсырмасын ұялы телефон арқылы орындайды да, тест нәтижесін бір сәтте интербелсенді тақтада көре алады.

Сондай-ақ, жаңа тақырыпты топтық жұмыстарда тірек сигналдары арқылы және Монтессори ойындарын қолдану арқылы меңгертудің түрлі жолдары көрсетілді. Бұл әдісте әр топқа түрлі тапсырмалар ұсынылды: 3д пазлына, гидрогельді шарлардың қорабына, қарбыз макетіне, лото шарларына бекітілген тапсырмалар. Бұл әдістің құралдары тапсырмалардың сипатын өзгертіп, қызығушылықпен орындауға түрткі болды.

Интерактивті оқытудың «LearningApps.org» әдісін түсіндіру барысында да студенттер тез меңгеріп, тапсырмаларды зор ынтамен орындады.