30.10.2023 күні Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ұлы Казимир универсетінен (Польша) келген әлеуметтік ғылымдар кандитаты, дефектолог Агнешка Камык Ваврищук «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (ПиМНО/у-23, ПиМНО-31, ПиМНО-35), «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (ДОВ-31), «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика» ( ПиП-31, СП-31) білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерімен «Инклюзивті білім берудің негіздері» пәні бойынша дәріс сабақ өткізді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін «Қолмен сурет салу» әдістерімен таныстырды. Қолдың көмегімен салынатын балалар суреттері-бұл кішкентай суретшілердің шығармашылығы мен қиялының көрінісі. Қолдарындағы саусақ іздері, қарындаштар, щеткалардың көмегімен суреттер таңғажайып шедеврлерге айналады.
Мақсаты: Баланың фантазиясына еркіндік беру. Түсіндіру барысында «Қолмен сурет салу» әдістемесі немен ерекше екенін, яғни баланың қандай қабілетін дамытатынын айта кетті. Атап айтсақ, 1-ден, баланың зейінін шоғырландыру; 2-ден, баланың фантазиясы дамиды; 3-ден, баланың қол моторикасы дамиды т.б.
Бұл әдістемені бейнеролик арқылы қандай суреттер салуға болатынын көрсетті.
Осы суреттер арқылы студенттердің фантазиясына ұшқын берді. Әдістемені теория жүзінде ғана емес, студенттерге тәжірбие түрінде де көрсетті. Бұл тәжірибе кезінде студенттер өз қиялдарына беріп, жануарлардың бейнесін салды. Студенттерді 4 адамнан бірнеше топқа бөлді. Осы топтағы студенттер өздері салған жануарларды біріктіре отырып, мекендейтін жеріне байланысты зоопарк немесе фирма т.б. жерлерге біріктіріп, сурет салу керек.Тәжірбие соңында студеттер өздері сезінген әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.