31.10.23 күні Педагогика факультетінде әдістемелік айлық аясында магистр, аға оқытушы Баюканская С.Ф. «Психология» пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Тұлғалық және кәсіби жетістік психологиясы». Семинар педагогикалық факультетінің 2 курс студенттеріне арналған.
Сабақта интерактивті оқыту мен сыни тұрғыдан ойлаудың келесі әдістері қолданылды: «Ментальды карта», интерактивті тақтамен презентация, «Карусель» әдісі, «ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ қызықты өтті