2023 жылдың 2 қарашасында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Ұлы Касимир университетінің (Польша) дефектологы Агнешка Камык-Ваврищук пен ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттермен кездесу өтті.Кездесуді ұйымдастырушы «Жан жылуы» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының басшысы Абугалиева Г.С. Педагогика факультетінің деканы Ергалиева Г.А. құттықтау сөз сөйледі. Кездесуде Агнешка Камык-Ваврищук Касимир атындағы Ұлы университет туралы ақпарат берді, университетте ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен әдістері туралы айтты. Кездесу нәтижелі өтті, студенттер әңгімеге белсенді қатысты.