"Дефектология және логопедия " пәні бойынша дәріс сабақ өтті

30.10.2023ж. күні Ұлы Казимир университетінен келген әлеуметтік ғылымдар кандидаты, дефектолог Агнешка Камык Ваврищук мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын Дов-41, Дов-41-1, Дов /у-33 топ студенттеріне "Дефектология және логопедия " пәні бойынша дәріс сабақ өткізді. 

Тақырыбы: Аутизм синдромына шалдыққан балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысы болды. Студенттер топтарға бөлініп, аутизм синдромы бар және Даун ауруына шалдыққан балалармен жүргізілетін түзету  әдіс-тәсілдерін меңгерді. Студенттер  дәріс соңында алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.