27-қазан күні университеттің педагогика факультетінің мәжіліс залында ұлт-азаттық қозғалыстың батыры,жалынды ақын М.Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Махамбет жайлы бірер сыр» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараның мақсаты: М.Өтемісұлының ерлігі мен өрлігін,ақынның отты шығармаларын ұрпаққа таныту,оның жырларын өшірмей, санамызға мәңгілікке сіңіру,өскелең ұрпақты қайсарлыққа,батылдыққа тәрбиелеу,еліне,жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Кешке: «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының НО-11, НО-12, ПиМНО-25, ПиМНО/у-23 топ студенттері, топ жетекшілері: Мухиева Г.С., Ерболат Б.Е., Панищева О.А. қатысты. НО-11 тобының студенті Жақсылықова Маржан Ф.Оңғарсынованың «Махамбет аудармашысымен әңгіме» өлеңінен үзінді оқып, шараны ПиМНО/у-23 тобының студенттері Амреева К.Р., Дағыстанова І.Б. жүргізді. Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Қожахмет Мирас: Махамбеттің күйі «Жұмыр- қылыш» күйін орындады. ПиМНО/у-23 тобының студенті Амреева Камила «Бала Махамбет»-тің өмірімен таныстырды. НО-11 тобының студенті Авазханова Севинч Махамбеттің ең алғашқы өлеңі «Нарын», «Махамбеттің көтеріліс кезімен» НО-11 тобының студенті Кадер Назерке таныстырды. ПиМНО-25 тобының студенттері «Махамбет көтеріліс кезінде» атты көрініс көрсетті. Исатайдан айырылып, күйзелген Махамбеттің «Исатай деген ағам бар» атты өлеңін ПиМНО/у-23 тобының студенті Қосаев Тұрғанбек оқып, «Көтерілістен кейінгі Махамбетпен» таныстырды. Махамбеттің «Мен едім», «Я-это я», «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңдерін ПиМНО-25 тобының студенттері Лепесбай Сәлима мен Батаева Румия оқыды. ПиМНО/у-23 тобының студенті Абаева Жақұт «Туған жер, тамаша!» атты әнді тарту етті. «Дауылпаз жырдың тарланы» атты кітап көрмесімен кітапханашы Гүлшира Шәденқызы таныстырды. Кешті Набиева Ж.Ж. Махамбет Өтемісұлы қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған,қайсар рух берген ұлы тұлға екендігін айтып, Махамбет жырларын оқуға шақырып ,қорытынды сөз айтты. Махамбет поэзиясы-патшашыл хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды,ол озық идеялы,халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Махамбет поэзиясына тән өжеттік,өрлік,өткір сын,әр кезде де кейінгі жастарға үлгі.Ақынның бітім тұлға-тұрпаты,ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге тұрарлық.