Ағымдағы жылдың 3-қараша күні педагогика факультетінің әдістемелік айлығы аясында мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ және ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Білімнің кілті – кітапханада» тақырыбында ПОҚ шығарған оқу құралдары бойынша авторлары мен білім алушылардың арасында кездесу өтті.Шара п.ғ.к, доцент Б.А Молдағалиевтің алғы сөзімен басталды. Әрімен қарай шара Абай атамыздың «Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта» деген нақыл сөзбен жалғастырды. ПиМНО у/23 тобының студенті К.РАмреева көркем слайдттың көмегімен кітап оқу техникаларын мен ғылымның не екенін баяндап берді. Шарада келген қонақтар мен студенттердің көңілін көтеру мақсатында «Қағаз оркестірі» және «Ия, жоқ, білмеймін» тренингтерді ПиМНО у/23 тобының студенттері К.Р Амреева, І.Дағыстанова, Т.Қосаев өткізді. Кейінгі сөзді педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к, аға оқытушы Г.А.Ергалиева алып, кітаптың рухани байлықтары жөнінде баяндап болған соң, п.ғ.к, аға оқытушы І.Ө.Хасанова және аға оқытушы, магистр Л.М.Маденова ғылыми авторлық туындылары жөнінде айтса, аға оқытушы, магистрдер Ж.Ж Нәбиева, Б.Е.Ерболат ПОҚ шығарған оқу құралдары бойынша презентация арқылы баяндады.Сонымен бірге шарада ПиМНО 41 тобының студенті Ш.Төлеу кітапты тез оқи отырып, оны қалай жадыға сақтау жолдарын «Кітап оқу техникасы» атты технологиясын түсіндіріп өтті. Әрімен қарай кітапханашы Г.Ш Айташова ПОҚ шығарған оқу әдістемелік құралдарымен жаңа әдебиеттерді таныстырып өтті. Шараның аяғына қарай студенттер өздері оқыған кітап жөнінде баяндады. Соның ішінде ФКС 41 студенті А.Көшкінбаева «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының пән оқытушыларының жазған авторлық туындыларымен таныстырды. Әрбір студент өзі оқыған кітаптың жанры мен мазмұны бағытында, қызықтырған шығармалары жөнінде бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Шара соңында әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің сарапшысы А.Е.Рахметова оқытушылармен, студенттерге ризашылығын білдіріп, қорытынды сөз сөйледі.