03.11.2023 күні Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Г.Б.Мусагалиева «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы студенттерінің шығармашылық іс әрекеттерін дамыту» атты шеберлік сынып оздырды.
Мақсаты: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы1 студенттерінің бойында шығармашылық қабілеттерді әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттерде: дәстүрлі емес сурет салу, жапсырмалау, ән салу, безендіру т.б. қолдана отырып, жаңа әдістер арқылы дамыту.
Шеберлік сыныпта көркем шығармашылық іс- әрекеттерді дамытуға арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Студенттер түрлі дәстүрлі емес техникалармен сурет салып, аспаптарда ойнап, музыка шығарып т.б. іс- әрекеттер арқылы өздерінің шығармашылық ойлауын, фантазиясын, идеясын шығара алды. Шеберлік сынып өз мақсатына жетті.