"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" ББ магистранттарына арналған дәріс

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 31.10.2023ж. күні  Ұлы Казимир университетінің (Польша) әлеуметтік ғылымдар кандидаты, дефектолог Агнешка Камык-Ваврищук «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранттарына  дәріс сабақтарын жүргізді. Дәріс  барысында инклюзивті білім беру мәселесінің маңыздылығы,  ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға бағытталған білім беру процесін тиімді ұйымдастыру жолдары,  Польшадағы инклюзивті білім беруді дамытудың мәселелері мен перспективалары қарастырылды.  Дәріс  соңында магистранттар өз ризашылықтарын білдірді.