06.11.2023ж. күні педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушыларына әлеуметтік ғылымдар кандидаты, дефектолог Агнешка Камык-Ваврищук «Көру қабілеті бұзылған студенттермен жұмыс жасау принциптері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: көру қабілеті бұзылған студенттермен жұмыс істеуге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету әдістерін, формаларын, құралдарын қарастыру. Кездесу барысында қатысушы оқытушылар көру қабілеті бұзылған студенттердің қиындықтарын сезіну мақсатында әр түрлі практикалық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, оқытушылар көптеген сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.