«Ғылым-теңіз, білім-қайық» жас ғалымдардың ғылыми-әдістемелік дағдыларын дамыту барысында өткен ғылыми әдістемелік семинар
2023-2024 оқу жылында университетте факультеттер ұйымдастыратын 7 қараша күні әдістемелік айлық аясында педагогика факультеті мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Ғылым-теңіз, білім-қайық» жас ғалымдардың ғылыми-әдістемелік дағдыларын дамыту барысында ғылыми әдістемелік семинар оздырылды. Семинар шымылдығын факультет деканы п.ғ.к, аға оқытушы Г.А.Ергалиева сөз бастап, кейін мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Д.Г.Хабиева өрбітті. Семинар форматы ғылымның тұңғиық теңіз әлеміне терең бойлату барысында ойластырылса, 4 курс студенттері мен магистранттардың назарына кітапханашы Г.Ш. Айташова ПОҚ шығарған оқу құралдарының, кітапханадағы жаңа оқулықтарымен толысқан көрмесін ұйымдастырып таныстырды, білім алушылар аға оқытушылар Л.М. Маденова «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар»тоқталып, п.ғ.кандидаттары А.Х.Казетова мен І.Ө. Хасанова «Scopus, ВАК мақалаларын рәсімдеу негіздері», «ҚазҰлтҚызПУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде «Оқу-әдістемелік бірлестік-жобаны басқару тобының» (РОӘК ОӘБ-ЖБТ) кадрларды даярлау бағытындағы оқу басылымдарына грифті тағайындау тәртібі» тақырыбындағы мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, студенттер мен магистранттарға теңіз жауарларының өздеріне арнайы дайындап жүзіп әкелген сұрақтарына тұжырымды, нақты, қызықты кері байланыс орнатып семинар соңы болашақ ізденушілердің ғылым жолындағы бастамаларына қанат бітіріп, жағымды эмоция сыйлады. Қатысушылар өзара пікір алмасты.