«Педагогикалық Оскар»

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика факультетінде «Жоғары оқу үдерісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлық аясында  ағымдағы жылдың 08 қараша күні  «Педагогикалық Оскар» тақырыбында олимпиада оздырылды. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты: студенттердің педагогикалық білімін жетілдіру, педагогикалық шағырмашылық дағдыларын қалыптастыру болды.

 Алдымен,  студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, олардың байқампаздық қасиетін дамыту үшін «Баспа машинасы» атты тренинг өткізілді. Мұнда «Эврика», «Ізденімпаз», «Чокори», «Жұлдызды маман» атты  төрт топ студенттері қатысып, білімдерін шыңдады.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Таныстыру», әрбір топ өз топ аттарымен, ұрандарымен таныстырды. Екінші кезең  «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топ берілген ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді. Келесі кезең «Капитандар сайысы» wordwall бағдарламасымен викторина әдісі арқылы  топ капитандары сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде QR-код арқылы «Педагогикалық жағдаяттарды» шешіп, көрініс құрды. Олимпиада соңында аға  оқытушы, магистр Л.М.Маденова сөз сөйлеп, топтарды «Үздік топ», «Жаңашыл топ», «Креативті топ», «Позитивті топ» номинацияларымен марапаттады.Аға оқытушы, магистр Ж.Ж.Нәбиева   педагогикалық олимпиаданың студенттер үшін кәсіби маман ретінде дамуына бірден – бір ықпалы зор екендігін атап өтіп, топ мүшелеріне алғыстарын білдірді.