2023 жылдың 10 қараша күні педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының оқытушылары Г.С.Мухиевамен Б.Е.Ерболаттың ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ-ның 4 курс студенттеріне «Электронды платформаларды оқу процесінде тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағатының мақсаты – студенттерді оқу процесінде түрлі электронды платформаларды қолдану арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту, іс – тәжірибеде қолдануға үйрету.
Шеберлік сынып сағаты барысында студенттерге wordwall, joyteka, learningsapps, qazmath, quizizz, tilqural.kz, sozdikqor.kz, balatili.kz, liveworksheet, kahoot электронды платформаларында жұмыс жасау ерекшелігі түсіндіріліп, студенттер өздерінің тапсырмаларын жасақтап, жасаған тапсырмаларын сілтеме арқылы бір-бірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Шеберлік сынып сағаты соңында «Додекаэдр» әдісі арқылы кері байланыс өткізіліп, студенттер пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.


