2023 жылдың 09 қараша күні педагогика факультетінің «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлығы аясында «Жоғары оқу орындарының жас оқытушыларына арналған» облыстық семинар – тренинг оздырылды. Семинар – тренигке Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, БҚИТУ-нің жас оқытушылары қатынасты. Семинар – тренинг мақсаты: инновациялық зияткерлік ортаны құру негізінде құзыретті білімді қалыптастыру арқылы жоғары оқу орындарындары жас оқытушыларының көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру. Алдымен, факультет деканы, п.ғ.к., аға оқытушы ГА.Ергалиева жас педагогтардың біліктілігі, жан - жақты өз кәсібінің шебері болу талаптары мен қабілеттері жөнінде баяндама жасады. Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ аға оқытушылары Г.С.Абугалиева, С.Н.Ерниязова жас оқытушылардың педагогикалық көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру мақсатында оқытушыларды төрт топқа бөліп, түрлі креативті тапсырмалар берді.Тапсырмалар орындау барысында көшбасшы және оның бойында болатын қасиеттер туралы ой – пікірлермен алмасты. Аға оқытушылар Л.М.Маденова, Ж.Ж.Нәбиева «Жас педагог – заманауи көшбасшы» тақырыбы бойынша ой-толғаныс және топқа көтеріңкі көңіл – күй сыйлау үшін психологиялық тренингтер жүргізді. Іс – шара соңында Басқа университеттен келген жас оқытушылар алдағы уақытта өзара байланысты нығайтып, осындай іс – шараларды көбірек ұйымдастыруға тілектерін білдірсе, әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің сарапшысы А.Е.Рахметова семинар – тренинг оқытушылардың кәсіби маман ретінде дамуына зор ықпал ететіндігін айта келе, ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді. Семинар – тренинг өз мақсатына жетті.