6В01201 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері арасында семинар-практикум өткізді

 

10.11.2023 жылы мектепке дейінгі және батауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының оқытушылары Есқақова Ф.Е., Муканова А.Д. «Жоғары білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын енгізу» тақырыбындағы әдістемелік айлықтың бекітілген кестесіне сәйкес № 34,  № 49 және Казталов аудандық білім беру ұйымының «Балдәурен» бөбекжайының мектепке дейінгі ұйым практик-мамандарының қатысуымен 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері арасында семинар-практикум өткізді. Семинар-практиум мақсаты мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұндық сапасын арттыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болып жатқан өзгерістерді талқылау, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, озық инновациялық тәжірибелермен бөлісе отырып, кәсіби құзыретті маман даярлауға қолдау көрсету болып табылады. Шараға № 49 «Ақниет» бөбекжайының тәрбиешісі Кенжегалиева А.А. мектепке дейінгі ұйымның оқыту-тәрбиелеу циклограммасын теориялық тұрғыдан түсіндірсе,  № 34 «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері Валиуллиева  Г.С., Абдешова Н.А., Казталов аудандық білім беру ұйымының «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешісі Казталов аудандық білім беру ұйымының «Балдәурен» бөбекжайының  тәрбиешісі  болатова Г.М.  балалардың бір күндік күн тәртібін инновациялық әдістер арқылы көрсете білді. Ұйымдастырылған озық инновациялық әдіс-тәсілдер студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырды.