2023 жылдың 9 қараша күні «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» білім беру бағдарламасының оқытушылары Тлепбергенова Г.Е., Муканова А.Д. ұйымдастыруымен ПиМНО у/23, ХБ-31 топ студенттері арасында «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» әдістемелік айлықтың жоспарына сәйкес «Қазіргі таңдағы тәрбиенің әдіс-тәсілдері, технологиялары» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Сабақтың басы ұйымдастыру кезеңінде студенттердің сабаққа ынтасын ояту, жағымды көңіл күй тудыру мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді. Студенттер берілген смайлик-суреттер арқылы бір-бірімен амандасып шығу керек.
Әрі қарай "Өзіме-көршіме" әдісі арқылы студенттер топтарға бөлініп, «Мақсат қоя білу», «Тұлға бейнесі», «Бес саусақ», «Qar» әдістері арқылы тапсырмаларды орындады. Сабақты қорытындылау кезінде кері байланыс мақсатында студенттерге "Сөз құрау"әдісі бойынша өткізілді.




