«Мамандықтар әлемі» атты пікірсайыс өтті.

2023 жылдың 14 қарашасында Педагогика факультетінің “Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы  білім беру” бағдарламасының оқытушы магистрі  С.Н. Есенованың ұйымдастыруымен  № 20, 33, 40 мектеп оқушыларының 10-11 сынып арасында  «Мамандықтар әлемі» атты пікірсайыс  өтті.   

Мақсаты: Оқушы өз бойындағы бәсекелестік қабілетін, өз қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне және кәсіби білімділігін қалыптастырып, түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру.

Пікірсайыс барысында  оқушылар университетімізде оқытылатын  білім беру бағдарламаларымен таныса отырып,  бейнероликті тамашалады. Сонымен қатар   әр бағдарламаның қыр-сыры мен ерекшеліктері түсіндірілді. Оқушылар «БП: ата-ана баласына мамандық таңдап беруі керек деп есептейді» және «БП: ең қажетті мамандықты көрсетеді» деген қос тақырыпта пікір алмасты. Ойын барысында оқушылар тәжірибие алмаса отырып тақырыпты өте жақсы деңгейде ашып көрсетті. Пікірсайысқа университет жанынан құрылған  «Ақиқат ЖҚБ пікірталас орталығы» мүшелері төрешілік етті. Ойын соңында  барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар шараға әр мектептің дебат қозғалысының жетекшілері де қатысты. Арнайы оқушылар үшін университетіміздің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетіп, кешті көркейте түсті.

Алдағы уақытта осындай мектепаралық жолдастық кездесулер өз жалғасын табады деген үміттеміз.