«Нарынның нар ұлы»

2024 жылдың 16 ақпан күні бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі ббб 3 курс (ПиМНО-35) студенттері, топ кураторы Т.Т.Мақсотова және А.С.Пушкин музей экскурсоводы А.И.Укиевамен бірлескен журналист, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ғарифолла Көшеновтың туғанына 85 жыл толуына орай «Нарынның нар ұлы» атты шара  оздырылды.

Шараның мақсаты: Жерлесіміз Ғ.Көшеновтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған журналист, ақынды құрметтеуге, жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Шара барысында Ақ Жайық өңіріндегі әдебиет пен журналистика саласында қалам тербеген, Нарынның нар ұлдарының бірі Ғарифолла Көшеновтың өмір жолы, шығармашылығы, еңбектері туралы айтылды. Қатысушы студенттер өз кезегінде ақынның өлең жолдарынан тебірене, нақышына келтіре өлеңдерін оқып, рухани танымдарын кеңейтіп, керемет әсер алды. Сонымен қатар, А.С.Пушкин музейімен танысып, саяхат жасады.